БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Үшбұлақ ауылында орналасқан Құлмат Өмірәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарихы.
Мектептің негізі 1934 жылы Үшбұлақ ауылында шағын комплектілі бастауыш мектеп болып қаланған. Алғашқы меңгерушісі Қабұлов Өтеуіл тағайындалды.
1959 жылдан төрт сыныпты бастауыш мектеп болып қалыптасты.
1959-1975 жылдарда мектеп меңгерушісі қызметін Үсіпбаев Тұрсын атқарды.
1976 жылы күйген кірпіштен 8 бөлмелі мектеп салынып, «Үшбұлақ» сегізжылдық мектебі құрылады.
1976-1988 жылдары мектеп директоры қызметін Досанбаев Бөрібай басқарды. Осы жылдары білім беру саласының үздіктері Тұрлыбаев Ғаппар, Елеуова Амангелді, Өмірәлі Ибрагим, Өмірәлиев Асқар қызмет атқарды.
1988 жылдан 2015 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін Қыстаубаев Сапарғали атқарды. Осы жылдар аралығында «Үздік-ұстаз» атағына ие болған ұстаздар: Мақсұтова Насихат, Тұрлыбаева Ұлбосын, Тлепова Айгүл, Ғали Нұрбикеш , Қалыбекова Рабиға, Мақұлбай Бектұрсын, Тойлыбаева Гүлжамила, Бегалы Айхан және Байдуан Хатира
1991 жылы 6 шілдеде «Үшбұлақ» негізгі орта мектебіне Үшбұлақ ауылының тумасы ғалым Құлмат Өмірәлиевтің есімі беріліп Құлмат Өмірәлиев атындағы негізгі орта мектебі, 2003 жылы Құлмат Өмірәлиев атындағы жалпы орта мектебі болды.
2015 жылдың 1 қыркуйегінде заман талабына сай, жаңа үлгідегі 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сол жылдан бастап
Қ. Өмірәлиев атындағы жалпы орта мектебінің директоры қызметін Қасымов Ақылтай Амантайұлы және оқу ісі жөніндегі орынбасары Салыбаев Оралбек Нұрғалиұлы атқарды.
2019 жылдан мектеп директоры қызметін Салыбаев Оралбек Нұрғалиұлы және оқу ісі жөніндегі орынбасары Өмірәлиев Мақсат Мырғалымұлы атқарып келеді
Мектеп «Ұлттық тәрбие негізінде бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу» тақырыбында жұмыс жасап келеді.
Мeктeп миccияcы: Әлeмдiк өзгeрicтeргe бeйiм, жылдам қабылдайтын, бiлiмдi жәнe ұлтжанды cалиқалы ұрпақ тәрбиeлeу.
Болашаққа бағдар/ көз қараcы: Бiлiм бeру мазмұны аяcында қоғамдағы өзгeрicтeргe тeз бeйiмдeлeтiн, адамгeршiлiгi жоғары, жауапты, баcтамашыл жәнe құзырeттi азаматты тәрбиeлeу.
Құндылығы: Жалпыадамзаттық, зияткeрлiк, ұлтжанды тұлғаны қалыптаcтыру.
Cтратeгиялық мақcаты: оқушылардың әлeумeттiк бeйiмдeлуiн қамтамаcыз eту, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жаcау арқылы зияткeрлiктi байыту жәнe ғылыми – зeрттeу қызмeтiнiң дағдыларын дамыту.