Қ. Өміралиев атындағы ЖОББМ

"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет"

МЕКТЕП ТАРИХЫ

Үшбұлақ  ауылында  орналасқан  Құлмат  Өмірәлиев  атындағы  жалпы  орта  білім  беретін мектептің тарихы.

Мектептің негізі  1934 жылы  Үшбұлақ  ауылында  шағын  комплектілі  бастауыш  мектеп  болып қаланған.   Алғашқы  меңгерушісі  Қабұлов  Өтеуіл тағайындалды. 

1959 жылдан төрт  сыныпты  бастауыш  мектеп  болып  қалыптасты.

1959-1975 жылдарда  мектеп  меңгерушісі  қызметін  Үсіпбаев  Тұрсын  атқарды. 

1976 жылы  күйген  кірпіштен  8  бөлмелі  мектеп  салынып,  “Үшбұлақ”  сегізжылдық  мектебі  құрылады.  

1976-1988 жылдары мектеп  директоры  қызметін  Досанбаев  Бөрібай  басқарды.  Осы жылдары  білім   беру саласының  үздіктері   Тұрлыбаев Ғаппар,  Елеуова  Амангелді,  Өмірәлі  Ибрагим,  Өмірәлиев Асқар  қызмет  атқарды.

1988 жылдан  2015 жылдар  аралығында   мектеп  директоры қызметін  Қыстаубаев  Сапарғали    атқарды.   Осы  жылдар  аралығында  «Үздік-ұстаз»  атағына ие  болған   ұстаздар:   Мақсұтова Насихат,  Тұрлыбаева Ұлбосын,  Тлепова Айгүл,  Ғали  Нұрбикеш , Қалыбекова  Рабиға, Мақұлбай  Бектұрсын, Тойлыбаева Гүлжамила, Бегалы Айхан және  Байдуан  Хатира

1991  жылы 6 шілдедеҮшбұлақ”  негізгі орта  мектебіне  Үшбұлақ  ауылының  тумасы  ғалым  Құлмат  Өмірәлиевтің  есімі  беріліп  Құлмат  Өмірәлиев  атындағы  негізгі  орта  мектебі,  2003 жылы Құлмат Өмірәлиев  атындағы жалпы орта мектебі болды.

2015 жылдың  1 қыркуйегінде  заман  талабына  сай,  жаңа  үлгідегі  300  орындық жаңа  мектеп  пайдалануға  берілді. Сол жылдан  бастап 

Қ. Өмірәлиев  атындағы  жалпы  орта  мектебінің  директоры  қызметін  Қасымов  Ақылтай  Амантайұлы  және  оқу  ісі  жөніндегі орынбасары  Салыбаев  Оралбек Нұрғалиұлы атқарды.

2019 жылдан мектеп директоры қызметін Салыбаев Оралбек Нұрғалиұлы және оқу ісі жөніндегі орынбасары Өмірәлиев Мақсат Мырғалымұлы атқарып келеді 

Мектеп  “Ұлттық  тәрбие  негізінде  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлға  тәрбиелеу”  тақырыбында жұмыс  жасап  келеді. 

Мeктeп  миccияcы:  Әлeмдiк өзгeрicтeргe бeйiм,   жылдам қабылдайтын,   бiлiмдi жәнe ұлтжанды cалиқалы ұрпақ тәрбиeлeу.

Болашаққа  бағдар/  көз  қараcы:    Бiлiм бeру мазмұны аяcында қоғамдағы өзгeрicтeргe тeз бeйiмдeлeтiн, адамгeршiлiгi жоғары, жауапты, баcтамашыл жәнe құзырeттi азаматты тәрбиeлeу.

Құндылығы:   Жалпыадамзаттық,  зияткeрлiк,  ұлтжанды  тұлғаны  қалыптаcтыру.

Cтратeгиялық  мақcаты:   оқушылардың  әлeумeттiк бeйiмдeлуiн қамтамаcыз eту,  дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жаcау арқылы зияткeрлiктi байыту   жәнe ғылыми – зeрттeу қызмeтiнiң дағдыларын дамыту.